• RUB:
    5.07
  • USD:
    522.63
  • EUR:
    548.66
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:50

Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды

47 рет
көрсетілді

Сенаттың кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ол алдымен тергеушілер Шерзат Болаттың өліміне қатысты 11 қылмыстық істі тергеп біткенін, іс материалдары осы жылдың соңына дейін екі тарапқа танысуға берілетінін айтты. Баланың өліміне қатысты 11 адам қамалған. 

«Ал, Шерзат Болаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын. Сот шешімі бойынша осы айдың соңында, мерзімі өткен соң босайды», деп мәлім етті ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қаржаубай Нұрымов 11 желтоқсан күні қолға түскен болатын. Ол полицияның көлігіне зиян тигізді деп айыпталған еді.