• RUB:
    5.07
  • USD:
    522.63
  • EUR:
    548.66
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 16:30

Білмей есірткі тасымалдағандардың жазасы жеңілдетіледі

19 рет
көрсетілді

Бүгін Сенат отырысында депутаттар есірткінің заңсыз айналымына қатысты түзетулерді мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес заң жобасына «күшті зат» (табиғи, синтетикалық және биосинтетикалық шығу тегі) жаңа ұғымы енгізілді.

Енді есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі өндірушілерге жаза қатайтылады. Соған сай осы қылмыспен айналысқандарға 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ал білмей алғаш рет есірткі тасымалдағандардың жазасы жеңілдетілмек. Сенат депутаттары бұл топқа жататын адамдардың көбіне «наркобарондарға» ешқандай қатысы болмайтынын алға тартып отыр. 

Қылмыстық топпен немесе қызметтік өкілеттігін пайдаланып жасалған есірткі, психотроптық немесе сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз өндіруге бұрынғыдан қатаң жаза тағайындалды. Бұл үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Қылмыстық топпен құрамында есірткі бар өсімдіктерді аса ірі көлемде заңсыз өсіргені үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі. Заңда сонымен қатар күші қатты әсер ететін заттарды заңсыз айналымға енгізгені үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.