Спорт 23 Желтоқсан, 2024

Жас хоккейшілер Канадада жеңіске жетті

57 рет
көрсетілді

Бұл туралы Qazsporttv-ден мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Хоккейден Қазақстан жастар (U20) құрамасы Канадада ірі есеппен жеңіске жетті. Нақтырақ айтқанда, екінші бақылау матчын Қазақстан құрамасы жергілікті «Хоксбери Хоукс» командасына қарсы өткізіп, қарсылас үшінші кезеңде бір ғана шайба соға алса, біздікілер 8 шайба соқты (1:8). 

Матч барысында Әділ Бейсембаев пен Кирилл Ляпунов дубль жасап, Никита Ситников, Семен Симонов, Артур Гросс, Асанәлі Русланұлы шайба соққан.

Соңғы жаңалықтар