• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 14:52

Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

26 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 24, 25 және 26 желтоқсан күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжамға сәйкес, 24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда батыста, солтүстік-батыста және шығыста атмосфералық фронттар және циклонның әсерінен қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын күтіледі. Тек оңтүстікте антициклон ықпалымен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Ел бойынша бұрқасын, тұман, екпінді жел, батыс аймақтарда көктайғақ күтіледі.

«Түнде ауа температурасы тек орталық және шығыс өңірлерде -20-35 градус аязға дейін төмендейді, ал қалған аумақтарда температуралық фон айтарлықтай өзгермейді», делінген хабарламада.