• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 15:42

Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

36 рет
көрсетілді

Аталған лауазымға Қуаныш Серқазыұлы Сүлейменов тағайындалғаны туралы әкімдік сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 1973 жылы 14 қыркүйекте Семей облысы Шар қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану», Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Тарих мұғалімі» және «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтары бойынша аяқтаған. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының магистрі.

Еңбек жолын Жарма ауданына қарасты Шалабай ауылындағы «Шалабай» асыл тұқымды зауыты кәсіподақ комитетінің «Парус» жасөспірімдер клубында жаттықтырушы болып бастаған.

1990-1991 жылдары Семей қаласындағы «Ауа райы» шағын кәсіпорнының суретші-дизайнері.

1993-1994 жылдары - Жамбыл облысындағы «Шайзада» кооперативінің жабдықтаушы-экспедиторы.

1994-1995 жылдары - Алматы қаласындағы «Гүлжан» шағын жеке кәсіпорнының директоры.

1995-1996 жылдары - Жарма ауданы, Шалабай ауылы, Н.Крупская атындағы орта мектепте үйірме жетекшісі, 1996-2001 жылдары - сол мектепте әскери жетекшісі, 2001-2006 жылдары - сол мектептің директоры.

2006-2022 жылдары - Жарма ауданы, Шалабай ауылындағы «Шалабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры.

Тағайындалғанға дейін Абай облыстық мәслихатының төрағасы қызметін атқарды.