• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 17:07

Қазақстанда кеме құрастыратын зауыт салынады

21 рет
көрсетілді

Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында отандық флоттың жетіспеушілігі өзекті мәселе екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда кеме құрастыратын зауытты Түркия компаниялары салмақ. 

Министр транзиттік тасымалдағы жүк ағынын арттыру үшін өзге мемлекеттерде қосымша сыртқы терминалдар ашылып, олардың қуаттылығы 5 есеге өсетінін айтты.

«Бүгінде Құрық-Алят қатынасында әзербайжандық паромдар ғана жұмыс істейді. Қазірдің өзінде бізге ең кемінде 7 бірлік кеме қажет. Оның өндірісін қалыптастыру үшін түркиялық YDA және ASFAT компаниялары Құрық портының жанында арнайы зауыт құрылысын жоспарлап отыр. Отандық дәліздерге жүк ағындарын тарту үшін ішкі терминалдармен қатар, шет елдердің жүк жинақталатын аумақтарында сыртқы терминалдар да қалыптастырылып жатыр. Қазір Ляньюньган портында және Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстан-Қытай терминалдары бар, сондай-ақ Грузияның Поти портында отандық кәсіпкердің терминалы жұмыс істеп жатыр», деді Марат Қарабаев.