Аймақтар 23 Желтоқсан, 2024

Алматыда жылу құбыры жарылды

40 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Назарбаев даңғылында 1984 жылы орналастырылған жылу құбыры жарылды, деп жазады Egemen.kz.

Салдарынан қаладағы Сәтбаев, Достық, Тайманов көшелерінің бойы мен Самал 1, 2, 3 ықшам ауданында орналасқан үйлер мен ғимараттар жылусыз қалды. 

Әкімдік хабарлауынша, құбыр 25 желтоқсан сағат 01:00-ге дейін жөнделеді. 

«Естеріңізге сала кетейік, егер төтенше жағдай болса (су тасуы, бу шығуы және т.б.), өз бетіңізше әрекет етпеуіңізді және төмендегі нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), +7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109», делінген әкімдік хабарламасында. 

Құбырдағы ақауды жедел жою үшін «АЛЖЖ» ЖШС-ның жөндеу-құрылыс қызметі жұмыс істеп жатыр.