• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Кеше

Қауіптің бірі – нашақорлық

35 рет
көрсетілді

С.Торайғыров университетінде «Тәртіпті өзіңнен баста!» эстафетасы шеңберінде форум өтті. Іс-шара барысында қаржы пирамидалары, дроптар, лудомания мен нашақорлық мәселелері талқыланып, студенттерге дәрістер оқылды.

Қарызсыз қоғамды, заңды­лық пен құқықтық тәртіп мәдение­тін қалыптастыру, сондай-ақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қаржылық сауатын арттыру – құқық қорғау органдарының алдында тұрған маңызды қадамның бірі.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру өкілдері атап өткендей, мұндай алдын алу іс-шаралары республика бойынша барлық аймақта ұйымдастырылып жатыр. Жастар заңсыз айналымдағы есірткі заттарының орны толмас қайғы-қасірет алып келетінін білуі керек. Жеке қаражатты сауатты басқару, құмар ойындардың қаупі туралы кеңірек мағлұмат алу олардың келешегіне оң әсер етеді.

Форум қатысушылары құ­мар ойындар адамның өмі­рін қа­лай құртатынын, оларды ұйым­дас­тыратындар адамдарды тар­ту­дың түрлі айла-шарғысын ойлап табатынын түсіндірді. Кейінгі уақыт­та жастар арасында есірткіні және психиканы бұзатын заттарды заңсыз тасымалдау деректері жиі тіркеліп отыр. Есірткіні заңсыз тасымалдау мен тарату – қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады. Екінші жағынан мұндай заңсыз әрекет қоғамда нашақорлықтың көбеюіне теріс әсер етеді.

Өңірлік полиция департа­менті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция подполков­нигі Ирина Темірғалиева есірткі­ге елітетін жас азаматтардың алдында тұрған тәуекелдер туралы әңгімелеп, олардың бара-бара өзін тұлғалық тұрғыдан қалай жоғалтатынын нақты мысалдармен келтірді.

– Айналайындар, сендер әлі көп дүниенің қадірін түсін­бей­тіндеріңді, адами құндылық­тарға маңызбен қарай қоймайтын­дарыңды жақсы білеміз. Бірақ біз­дің міндет – қоғамды алаңдата­тын қауіпті өздеріне түсіндіру. Кейін опық жеп, қайғы-қасіретке түспеу үшін не нәрсенің болса да байыбына бармай, әрекет жасамау керек. Егер топ ішінде жүргенде замандастарың есірткі пайдаланып көруге кеңес берсе, сөзін соңына дейін тың­даңыздар. Ол сөзін аяқта­ған соң сұрақтарыңызды қойып, өзіңіздің естіген дәлелдеріңізді алға тартыңыз. Мейлінше көп сұ­рақтар болса, ұсыныс жасаған адамның өзі де абдырайтыны белгілі. Ал соңында бәрібір «жоқ» деп жауап бергеніңіз маңызды. Ашу үстінде өзіңізге қарата айтылған балағат сөздерге мән бермеу керек. Бұл жерде жанжал туындату – ең үлкен қателік. Өзіңізді қор­ғауға әрекеттену қарсыластың ашуын қоздыра түседі. Сіздің бойы­ңыздағы жеке қадір-қасиетті өзге­лер бағалайды деп ойлау – қателік. Ал адамдар бір-бірін тал­қы­лауға құмар. Өзіне сенімді адам­­ды қоғам әлдеқайда жоғары баға­лай­тынын білген абзал, – деді маман.

Іс-шара соңында студенттерге есірткі қылмысының алдын алу мен қаржы басқару туралы ақыл-кеңестер жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.

 

Павлодар облысы