• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Желтоқсан, 2024

«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

86 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында 271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды. Сондай-ақ 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Комиссия мүшелері басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Яғни стипендия иегерлерінің 65 пайызы – жаратылыстану-техникалық, ал 35 пайызы әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша білімін жетілдіреді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алған.

Ерлан Қарин биыл өткен жылға қарағанда тағылымдамадан өтуге екі есе, инженерлік-техникалық мамандықтар бағытына алты есе көп өтініш түскенін атап өтті. Бұл Мемлекет басшысының инженерлік-техникалық білім беруді дамытуға және қолдауға бағытталған бастамасының өзекті әрі заман талабына сай екенін көрсетеді.