• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Бокс Кеше

Бокстан Қазақстан чемпиондарының есімдері белгілі болды

40 рет
көрсетілді

Бокстан Қарағанды қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Тартысты өткен бәсекелерден кейін еліміздің әр салмақ дәрежесіндегі үздіктері анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ерлер жекпе-жегінің нәтижесінде 2022 жылы чемпион болған Теміртас Жүсіпов пен Талғат Сырымбетов қана сол атақтарын қорғап қалған. 

11 боксшы алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Олар: Тимур Қабдешов, Дәулет Молдашев, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Аққалықов, Тимур Нұрсеитов, Темірлан Мұқатаев, Азамат Бектас, Данияр Рахымбердинов, Анита Адишева, Лаура Есенкелді, Жасмин Қизатова.

 Ерлер арасында ел чемпионы атанып, алтын медаль тағынғандар: 

48 келі. Теміртас Жүсіпов (Ақмола обл.)

51 келі. Даниал Сәбит (БҚО)

54 келі. Тимур Қабдешов (Ақмола облысы)

57 келі. Дәулет Молдашев (Абай облысы)

60 келі. Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы)

63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов (Алматы обл.)

67 келі. Төрехан Сабырхан (Түркістан облысы)

71 келі. Сабыржан Аққалықов (БҚО)

75 келі. Тимур Нұрсеитов (Астана)

80 келі. Азамат Бектас (Қызылорда облысы)

86 келі. Темірлан Мұқатаев (Астана қ.)

92 келі. Данияр Рахымбердинов (Алматы)

+92 келі. Нұрлан Сапарбай(Түркістан обл.)

Ал турнирдің үздік ер боксшысы болып 67 келіде чемпион атанған Төрехан Сабырхан танылса, әйелдер арасында бұл атақ 48 келіде шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбайға бұйырды. 

Жалпыкомандалық есепте Астана қаласы 5 алтын, 2 қола медаль еншілеп көш бастады.

3 алтын, 5 күміс, 10 қоламен Алматылық былғары қолғап шеберлері екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті 3 алтын, 5 күміс, 2 қола жүлдемен Шымкент қаласы түйіндеді.