• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Желтоқсан, 2024

Бас прокуратура ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады

73 рет
көрсетілді

ҚР Бас прокуратурасы Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның құрамына Көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ-ның тәжірибелі қызметкерлері кірді.

«Бас прокуратура Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апаты фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлайды. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді. Оқиға орнына Үкіметтік комиссия құрамындағы елдің Бас көлік прокуроры барды», делінген хабарламада.

Қылмыстық іс ҚР Бас Прокурорының ерекше бақылауына алынды.

Соңғы жаңалықтар