• RUB:
    6.06
  • USD:
    520.48
  • EUR:
    574.61
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Желтоқсан, 2024

Елімізде күн жылынады

92 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 26, 27 және 28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде түнде температура 3-15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 6 градус аяздан 5 градус жылуға дейін көтеріледі.

Тек елдің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

Жалпы республика бойынша көктайғақ, тұман, екпіндім жел, ал батыс аймақтарда көктайғақ болады деп болжанып отыр.