• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:34

Тұман түсіп, бұрқасын жүреді: Синоптиктер ескерту жасады

68 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлі аумағында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.

«Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкентте де түнде және таңертең тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанып отыр», дейді метеорологтар.

Болжамға сәйкес, бүгін Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады.