Бұл туралы республиканың Төтенше жағдайлар министрлігі мен Әзербайжан әуе жолдарының бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұшақ апатынан зардап шеккендерді тасымалдау үшін арнайы әуе рейсі жоспарланған.
«Зардап шеккендер дәрігерлердің қорытындысына сәйкес Бакуге жеткізіледі. Осыған байланысты Әзербайжан мен Қазақстанның құзыретті мемлекеттік органдары қажетті шараларды қабылдап жатыр», делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшыраған. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағыт алған еді.