Qazsporttv мәліметінше, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кету керек, Қазақстан спорт тарихында ауыр атлеттеріміз алғаш рет командалық есепте Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті.
Азия додасында ерлер мен әйелдерді қоса алғанда отандастарымыз 12 алтын, 9 күміс, 12 қола медаль еншілеген.
Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Қатар елінің бас шаһары Доха қаласында өтті.