Күні кеше Ақтауға Ресейден ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін медицина қызметкерлері мінген борт ұшып келген еді. Бүгін олар түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 отандасымен бірге елдеріне қайтты.
Айта кетейік, жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Сондай-ақ Ақтауда вице-премьер Қ.Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтты.