• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Кеше

Маңғыстаулықтар Әзербайжан азаматтарын еліне шығарып салды

31 рет
көрсетілді

26 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен әзербайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзербайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне аттанды. Оның ішінде апаттан аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты.

Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.

Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алып  жатыр, оның ішінде 4 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа. Жарақат алғандар барлық қажетті медициналық көмекпен қамтылған.

Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.