• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Кеше

Маңғыстау облыстық ауруханасында апаттан зардап шеккен 6 науқас қалды

79 рет
көрсетілді

Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасының бақылауымен ұшақ апатынан зардап шеккен 14 (13 ересек, 1 бала) Әзербайжан азаматы өз еліне эвакуацияланды.

Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық ауруханасында 6 науқас қалды. Оның үшеуі - Әзербайжан азаматы, қалған үшеуі Қырғызстан азаматы. Төрт науқас жансақтау бөлімінде, ал екеуі травматология бөлімшесінде.

Еске салайық, бүгін 08:30-да Ресей Федерациясының ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортында Ресей Федерациясының 9 азаматы эвакуацияланған болатын.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына келіп түскен барлық пациент ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық тексеріліп, ем алып жатыр.