• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Есірткі Кеше

ҰҚК есірткі сатумен айналысқан үш күдіктіні ұстады

97 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің департаменттері Маңғыстау облысының прокуратурасымен келісе отырып, халықаралық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді», делінген хабарламада.

Бұған дейін, биылғы жылдың қарашасында ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 кг-дан астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.