Өңірде қысқы туризм дамып келеді. Осы ретте «VISIT ZHETYSU» туристік ақпараттық орталығы Текелі қаласы мен Ескелді ауданының туристік потенциалын арттыру мақсатында ақпараттық тур өткізді.
Ақпараттық тур өңірдің қысқы туристік әлеуетін насихаттауға бағытталды. Оның аясында тау шаңғы курорттары, қысқы спорт түрлері, экотуризм, мәдени іс-шаралар @tau_zhetysu, сондай-ақ медициналық туризм мен санаторлық-курорттық @lok_karatal демалысқа арналған сауықтыру бағдарламалары ұсынылды.
«Жетісуда қысқы туризмнің мүмкіндігі мол. Біз осы шара аясында соны аңғардық. Осындай қызықты кездесулер жиі болып тұруын тілеймін», деді «Oyu travel» өкілі Ерол Дәулетбеков.
Ақпараттық тур аясында Текелі қаласы мен Ескелді ауданындағы @vuslat_tekeli, @njala_residence, @sdvor_tekeli қонақ үйлер мен демалыс базаларына шолу жасалып, Текелі қаласындағы «Алақай» кондитерлік фабрикаға экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар солод зауытына @pivo_tekeli барып, оның тарихы мен ерекшеліктерімен танысып, өндірілетін сусынның дәмін татты. Сондай-ақ аймақтың қысқы табиғаты мен көрікті жерлері көрсетілді: Будда тасы, Көру алаңы, Қора шатқалы, Жапон үйлері.
Бұл бастама Жетісудың қысқы туризм орталығы ретіндегі брендін нығайтып, туристер ағынын арттыруға ықпал етеді.