• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Заң 31 Желтоқсан, 2024

Компанияның қомақты қаржысын жымқырған күдікті Дубайда ұсталды

17 рет
көрсетілді

2022 жылы сыбайластарымен бірге алматылық ЖШС бірінен 947 миллион теңге жымқырып, өз  компаниясының шотына  аударған күдікті қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеу жарияланған ер адам Дубайда ұсталды.

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынған. ІІМ күдіктіні экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқанын мәлімдеді.