Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында Жаңа жылды шамамен 60 мың жолаушы қарсы алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы мерекелік күні жолаушылар арасында ең танымал бағыттар: Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Семей, Алматы – Семей.
«Жолаушылар тасымалы» мәлім етуінше Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Ал пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1774 жолаушылар вагонының жолсерігі, жалпы саны 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді.
2025 жылды шамамен 60 мың жолаушы пойызда қарсы алады.