Алматы облысы әкімінің өкімімен аталған лауазымға Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалым Қасымұлы 1967 жылы Алматы облысына қарасты Балқаш ауданында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын «Жиделі» ұжымшарының жұмысшысы болып бастаған.
Әр жылдары «Қарой» ұжымшарының есепшісі, «Ақдала» күріш ұжымшары бригадирінің көмекшісі, еңбек жөніндегі экономисі, бөлім бастығы, Балқаш ауданы Ақдала ауылының әкімі, Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасының бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, Көксу ауданының әкімі, Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы, Балқаш ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Алматы облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.