• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Заң 01 Қаңтар, 2025

Айыппұл көлемі ұлғайды

159 рет
көрсетілді

Елімізде айыппұлдардың көлемі өседі. 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш көтерілгеннен кейін айыппұлдардың көлемі де артады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Себебі оны да АЕК-пен есептейді.

Осылайша:

көлік рөліне жүргізу куәлігінсіз отырғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы - 18 460 теңге);

полицияға бағынбағаны үшін 40 АЕК - 157 280 теңге (2024 жылы - 147 680 теңге);

көлікпен жаяу жүргіншілер жолағымен жүргені үшін 15 АЕК – 58 980 теңге (2024 жылы - 55 380 теңге);

қоғамдық көліктің ақысын төлемегені үшін 2 АЕК – 7 864 теңге (2024 жылы - 7 384 теңге);

жалдамалы пәтерде тіркеуге тұрмағаны үшін 7 АЕК – 27 524 теңге (2024 жылы - 25 844 теңге),

ал үйдің иесіне 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы - 36 920 теңге);

темекі тұқылын терезеден немесе балконнан лақтырғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы - 18 460 теңге);

қоғамдық жерде балағат сөз айтқаны үшін 20 АЕК – 78 640 теңге (2024 жылы - 73 840 теңге);

тыныштықты бұзғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге (2024 жылы - 18 460 теңге);

көшені ластағаны үшін 10 АЕК – 39 320 теңге (2024 жылы - 36 920 теңге).