• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қаңтар, 2025

«1,8 млрд теңге»: ШҚО-да тұрғын үй кешенін салушылар қамауға алынды

62 рет
көрсетілді

Өскеменде құрылыс компаниясының топ-менеджерлері екі миллиард теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, олар көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырған.

«Өскемен қаласында екі күдікті 102 азаматты алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасағандары анықталды. Іс жүзінде тұрғын үй нысанының құрылысы ұзаққа созылған. Мерзімдері бірнеше мәрте ұзартылғанымен, көппәтерлі үй кешенінің құрылысы аяқталмаған», делінген хабарламада.

Айта кетейік, компаниялар заң талаптарын бұзған және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмаған.

«Бүгінгі таңда күдіктілер соттың санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттарын қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.