Билік ауысқан Сирияға Мысырдан гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек артқан ұшақ жуырда Дамаск әуежайына қонды. Енді Қызыл Жарты Ай ұйымы оны мұқтаж жандарға үлестіреді.
Мысыр билігінің айтуынша, Сирияға алдағы уақытта гуманитарлық жүк артқан тағы бірнеше ұшақ жіберіледі. Осылайша азаматтық соғыстан зардап шеккен азаматтарға барынша қолдау көрсету көзделіп отыр.