Солтүстік Қазақстан облысында 40 жастағы жұмысшыны бұқа сүзіп кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қайғылы оқиға Тайынша ауданында асыл тұқымды мал өсіретін ірі шаруашылықтардың бірінде болған. Ауыр жарақат алған жұмысшы бірден аудандық ауруханаға жеткізілген.
Зардап шеккен адам жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлер тиісті медициналық көмек көрсеткен. Алайда ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.
Azattyq-ruhy.kz ақпаратынша, полиция адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.