• RUB:
    5.05
  • USD:
    527.23
  • EUR:
    544.05
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Дархан Қыдырәлі Түркістан облысындағы өткізу бекеттерінің жұмысымен танысты

27 рет
көрсетілді

Сенатор Дархан Қыдырәлі Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүздесуге қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері және әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкерлері қатысты.

Депутат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетінде жарияланған сұхбатының негізгі тұжырымдарына жан-жақты тоқталды. Онда өңірлердің тепе-тең дамуының маңыздылығы, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру және экономиканы нығайту сияқты негізгі тақырыптарға баса назар аударылды. Сенатор кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өңірдің өзекті мәселелерін де талқылады.

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында «Жібек жолы» және Қонысбаев атындағы шекара бекеттерінің жұмысымен танысу барысында Дархан Қыдырәлі шекарашылармен әңгімелесіп, шекарадағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Сенатор Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадан қауіпсіз және тиімді өтуді қамтамасыз етудегі осы нысандардың маңыздылығын атап өтті. Депутат Парламент тарапынан халықаралық ынтымақтастықты нығайту және өңірлерді дамытуға бағытталған жұмыс белсенді жалғасатынын атап өтті.