• RUB:
    5.12
  • USD:
    524.75
  • EUR:
    540.6
Басты сайтқа өту
Субсидия Бүгін, 09:20

Спутниктік құрылғыларды сатып алу субсидияланады

28 рет
көрсетілді

Ұлттық телерадионы қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасы басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Бағдарламаның мақсаты – жеке немесе заңды тұлғаларды отандық спутниктік телерадио хабарларын тарату оператор­лары­ның спутниктік қабылдау құрылғыларын сатып алуға ынталандыру. Бағдарлама шеңберін­де спутниктік телерадио хабар­­ларын тарату операторлары спут­ник­тік қабылдау құрылғы­ларын іске асыруға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтей алады. Бұл азаматтардың жабдық шығындарын азайтуға, отандық телерадио хабарларын тарату­дың қолжетімділігін арт­тыруға мүм­кіндік береді.

Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды. Субсидиялар жылына 50 мыңнан аспайтын спутниктік қабылдау құрылғыларын сатуға бөлінеді. Үдерістің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында Министрлік жанынан тұрақты жұмыс істейтін комис­сия құрылды. Субсидиялауды ұсы­­ну тәр­тібі Мәдениет және ақпа­­рат ми­нистрінің міндетін ат­қару­шы­­ның 2024 жылғы 21 қа­рашадағы №551-НҚ бұйры­ғымен бекітілген.

Министрлік Қазақстан Респуб­ликасының аумағында жұмыс істейтін спутниктік телерадио ха­бар­­ларын тарату операторларын бағдарламаға қатысуға шақы­рады. Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 74 02 64, +7 (7172) 74 03 43 телефон нөмірлері арқылы бай­ланысуға болады.