«Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ-і директорының бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Директор Т.-ның қызмет бабын пайдалана отырып жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары шеңберінде 272 млн теңге сомасына жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға актілер қабылдағаны анықталған.
«Директордың әрекеті ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау, бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген хабарламада.
Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданған.