• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2025

Екі облыстағы жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

73 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты екі облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысы бойынша  9 қаңтар сағат 10:30-да Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 130-200 шақырым аралығында (Торғай ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылып отыр. Бұл жол учаскесін 9 қаңтар сағат 13:00-де жолды ашу жоспарланған.   Павлодар облысы бойынша 9 қаңтар сағат 10:30-да Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 130-200 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 10:30-дан бастап осы өңірдегі Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы автожолының 1206-1367 шақырым аралығында (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылғаны мәлім болды. Аталған жол учаскесін 9 қаңтар сағат 13:00-де ашу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар