• RUB:
    5.12
  • USD:
    524.75
  • EUR:
    540.6
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Енді жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алуға болады

27 рет
көрсетілді

Ел азаматтары Астана мен Алматыда жылжымайтын мүлікпен байланысты операцияларды онлайн жүргізе алады. Әділет министрлігі нотариустардың сатып алу-сату мәмілелерін онлайн тіркеу туралы бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жобаға сәйкес, азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша нотариустарға бармай-ақ, банктің Астана және Алматы қалаларында орналасқан жылжымайтын мүлікке арналған платформасы арқылы онлайн нотариалдық мәмілені ресімдеу мүмкіндігіне ие болады.

Негізгі шарттар:

Мәміле 18 бен 63 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарына қолжетімді; Барлық меншік иелерінің, соның ішінде некеде тұрған жағдайда ерлі-зайыптылардың қатысуы міндетті; Мәмілелер 70 млн теңгеге дейінгі қайталама тұрғын үй нарығына қатысты; Сатушы 2015 жылдан бастап электронды форматта меншік құқығын растауы керек; Алаяқтықтың алдын алу үшін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры арқылы мүліктің жай-күйін тексеру жүргізіледі.

Жоба Ашық НҚА порталында орналастырылған және 2025 жылдың 23 қаңтарына дейін қоғамдық талқылау үшін қолжетімді.