• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2025

Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді

48 рет
көрсетілді

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мамандары ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«10 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Сарыөзек – Көктал жолының Алтын Емел асуының 40-68 шақырымы бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді», делінген хабарламада.

Болжам бойынша жол сағат 14:00-де ашылуы мүмкін.

Ел азаматтары жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәуліктің кез келген уақытында 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы ала алады.

Соңғы жаңалықтар