• RUB:
    5.12
  • USD:
    524.75
  • EUR:
    540.6
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 16:20

Былтыр тіс дәрігерлері 56,3 миллиард теңге табыс тапқан

19 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылы еліміздегі тіс дәрігерлері  56,3 миллиард теңгеден астам сомаға қызмет көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.

Көрсетілген стоматологиялық қызметтердің 5,3 миллиард теңгесі -  бюджет қаражаты есебінен, 47,9 миллиарды – халық қалтасынан шыққан қаражат болса, 3 миллиард теңге - кәсіпорындардың қаржысынан төленген.

Аймақтар бойынша Астана мен Алматы қалаларының әрқайсысында 14 миллиард теңге көлемінде қызмет көрсетілген. Алғашқы үштікке Атырау облысы (3,5 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы да (2,3 миллиард теңге) еніп отыр. Осы бағыттағы қызметке  Ұлытау облысының тұрғындары ең сирек жүгінген.   2025 жылдың 1 қаңтарындағы статистикаға сай «Стоматологиялық қызмет» саласында 2947 заңды тұлға мен филиал, сондай-ақ 2921 жеке кәсіпкер тіркелген.