• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Құқық Бүгін, 18:28

Соттар мемлекеттік органды жетім баланың мәселесін шешуге міндеттеді

11 рет
көрсетілді

Жергілікті соттар  2019 жылдан бері мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жүрген жетім баланың талабын қанағаттандырды, деп жазады Egemen.kz.

32 жастағы Астана тұрғыны 7 жастан бастап жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеленіп, сонда тұрған.

Бүгінгі күні оның Қазақстанда баспанасы жоқ, бірақ тұрақты жұмыс орны бар және елордада тіркелгеніне 7 жылдан асады.

2019 жылы қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен Астана әкімдігі оны «kezekte.kz» порталы арқылы өтініш толтыру қажеттігін алға тартып, тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартқан.

Бірақ бұл портал да жас өлшемдеріне сәйкес келмегендіктен оның құжаттарын қабылдамаған.

Жас жігіт коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тіркеуге қоюды, тұрғын үйді кезегімен алғанға дейін уақытша жалға беруді қамтамасыз етуді талап етіп, басқарма мен қала әкімдігіне талап қоюмен сотқа жүгінген.

Астана МАӘС-ы және апелляция талап қоюды қанағаттандырған. Жауапкерлер бұл шешімге кассациялық тәртіпте шағым түсірген.

Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (ӘІЖСА) іс материалдарын зерделей келе, талап қоюшы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды Астана қаласында – кемінде өзінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша кемінде 3 жыл болғандықтан тіркеуге құқылы екенін көрсетті.

2016 жылдан бері ол Астана қаласында басқа адамның саяжайында тұрып жатыр және «kezekte.kz» порталының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты заңды түрде тіркелу құқығын пайдалана алмайды.

Талап қоюшының 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тіркеу мәселесі бойынша жауапкерге қайталап арыз бергені туралы уәждері қанағаттандырылды. Жауапкер талап қоюшының уәждерін жоққа шығарған жоқ.

Осыған байланысты ӘІЖСА тұрғын үй басқармасы мен қалалық тұрғын үй инспекциясына талап қоюшыны «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар ретінде тіркеу міндетін жүктеген жергілікті соттармен келісті.