• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 09:50

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

12 рет
көрсетілді

«Ақылды қала» бастамашыл тобының мүшелері жақында «Ақылды қала: технологиялардың қалалар мен азамат­тар­дың қауіпсіздігіне әсері» атты жиында бас қосты. Қатысу­шы­лардың айтуынша, үлкен қалаларда әлемдік экономиканың 70%-ы шоғырланған. Бұл көрсеткіш неғұрлым артар болса, ірі салаларды басқару соғұрлым қиындайды. Бұл еліміздегі ірі мегаполис Алматыға да қатысты. «Med365» компаниясының өкілі Дмитрий Мымриковтың айтуынша, «Ақылды» қаланың» орталықтандырылған жүйке жүйесі – сымсыз кең жолақты желілерге біріктірілген көптеген сенсоры мен бейнекамерасы бар инфрақұрылым. Бұл бағыт Алматыда дамып келеді.

«Алматыны «smart city» мәрте­бе­сіне жетелейтін әзірле­­мелерді қала тұрғындары күн сайын пайдаланады. Мысалы, «Onai» автоматты төлем жүйесін адамдар табысты қолданып жүр. Жер үсті мен жер асты көлігіндегі төлемдердің 97% -ы осы картамен жүргізіледі. Әр автобуста GPS-трекерлер орнатылған. Біз қандай да бір көлік құралының қайда екенін және оның маршрутқа шыққанын көріп отырмыз. Бұл деректер ахуалдық орталыққа жүк­теледі, талданады. Осының бәрі қоғамдық көлік қызметінің саласын жақсартуға мүмкіндік береді, яғни азаматтардың өмір сүру сапасын арттырады», дейді сарапшы.

Демек, Алматымыздың ел көле­мінде смарт-қалаларды дамыту­дың флагманы болар­лықтай әлеуеті бар. Дмитрий Мымриковтың сөзінше, компания технологияларының «ақыл­­ды қалалардың жобаларымен» интеграциялану үдерісі жал­ғасып жатыр. Мұндай тәсіл қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен қауіпсіздік деңгейін арттырады.

«CITIX» компаниясының азық-түлікті дамыту жөніндегі директоры Рауль Линдт урбан­далудың өсуімен халық тығыз орналасқан қалалар мен олар­дағы көлік ағын­дарын тиімді басқару қабілеті жыл сайын өзекті болатынын атап өтті. Оның айтуынша, урбандалудың беталысы жаңа проблемалардың бетін ашты.

«Freedom Insurance» сақ­тандыру компаниясы АҚ бас­қарма төрағасы Азамат Керім­баев­­тың айтуынша, құқық қорғау органдары ден­сау­лыққа зиян немесе өлім-жітім жағдайы бар жол көлік оқиғаларын ғана тіркейтін көрінеді.

«Алматыда 2023 жылы 17 мың жол көлік оқиғасы тіркелген. Ал сақтандыру компанияларының өз статистикасы бар. Олардың есебі бойынша жыл сайын 100 мыңнан кем болмайды. Жол көлік оқиғаларына қатысушылардың немесе куә бол­ған­дардың бар­лығының жұмыс уақытының 3-4 сағаты жолда өтеді. Бұл тура­лы ресми деректерде айтыла бермейді. Мысалы, 2018 жылы Алматыдағы кептелістер күн са­йын 600 млн теңге экономикалық шы­ғын келтіреді деп есептелді», дейді Азамат Керімбаев.

Сарапшының айтуынша, шығын­­дарды бөлу деген ұғым бар. Ал барлық сақтандыру оқиғаларының 30-40%-ы – 100 айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіретін жағдайлар.

«Біздің автопаркімізде 5 млн көлік бар. Жыл сайын оның 200 мыңы (4%-ы) жол көлік оқиғасының дәмін татады. Осы 200 мың көлік құралының 98 мыңы ғана сақтандыру компанияларынан сақтандыру өтема­­қысын алады. Ұлттық статисти­­­ка бюросының дерегінше, автокөлік жүргізушілері жыл сайын 180 млрд теңгені көлігін жөндетуге жұмсайды. Ал Ұлт­тық банк сайтында сақтан­дырушылар міндетті сақтан­­ды­ру аясында жыл сайын 50 млрд теңге төлейтіні айтылған. 180 млрд теңгенің 50 млрд теңгесі ғана сақтан­­­ды­ру­мен жабылады. Банктердің автокөлік иелерін кешенді автомобильдік сақ­тан­ды­ру жар­насын сатып алуға мәж­бүрлеуінің арқасында ғана автопаркіміздің аз ғана бөлі­гі ерікті автосақтандыру шең­бе­рінде сақтандырылған», дейді Азамат Керімбаев.

Әрине, сақтандыру мәселесі, оны цифрлық тұрғыдан тиімді ұсыну «ақылды қала» тұжы­­­рым­­дамасының бір парасы ғана. Қазіргі уақытта Алма­тыны да­мы­тудың екінші кезеңі аяқ­талуға таяды. Қаланы дамыту бағ­дарламасының ресми құжа­тына сәйкес, ақылды қалалар санатына көшу 3 жылдан 7 жылға дейін созылады. Нәтижесі мегаполис­тер деңгейіндегі цифр­лық шешім­­дер­ді енгізу үшін стра­тегиялық көз­қарас­тың жүйе­лілігіне қа­рап анықталады.

 

АЛМАТЫ