«Қытай. 80-ші жылдар және бұдан да басқа» деп аталатын Telegram арнада жазба жарық көрді. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңестік қытайтанушылармен бірге тәжірибе алмасу үшін алғаш рет аспанасты еліне барған кездерінен сурет жарияланған.
Белгілі қытайтанушы ғалым Иван Зуенко 1983 жылы Қытайда тағылымдамадан өткен танымал адамдар туралы естелігін жазған.
«Кеңестік қытайтанушылардың 1983 жылы Қытайға алғаш рет тәжірибе алмасуға барған сапары естен кетпейді. Мен 1983-1984 жылдардағы сол алғашқы топтың (10 адам және барлығы Мәскеуден, барлығы тек Бейжіңде оқыды) екі өкілінің суретін тауып алдым», дейді автор
Оның жазуынша, қытайтанушылардың кейінгі толқынында адам айтарлықтай көбірек болған және олар жоғары білімді академиялық ортада өте танымал еді. Соған қарап, 1983-1984 жылдардағы топтан «тарихи із» қалмаған болуы ықтимал. Алайда, 1983-1984 жылдардағы толқынның екеуі қазір өте танымал адамдар.
Біріншіден, Қасымжомарт Тоқаев (ол кезде оның есімі осылай жазылушы еді) – фотода оң жақта тұр. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, сол кезде 30 жастағы КСРО Сыртқы істер министрлігінің қызметшісі еді. Қазір Қазақстан Президенті.
Екіншіден, Игорь Моргулов Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының 22 жастағы түлегі, қазір Ресейдің Қытайдағы елшісі.
Тоқаев оң жақта тұр, екеуінің сол кездегі бірге түскен суреттері табылмады. Алайда Тоқаевтың жанында тұрған адам да танымал қытайтанушы - Андрей Царенко. Сол кезде ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті еді, кейінірек КСРО елшілігінің қызметшісі.
«Сурет Цзянсу провинциясының Уси қаласына сапар барысында түсірілді, Қ.К. Тоқаевтың «Беласу» кітабынан алынды», деп жазады автор.