Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған. Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған.