Студент-спортшылар арасындағы дүбірлі додада шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойында Швецияны (9-2) жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Николай Шульга, Данил Цыбин, Андрей Буяльский дубьл жасап, Максим Мусоров, Әділ Бейсембаев, Денис Чапоров бір-бір шайбадан соғып, XXXII Қысқы Универсиада ойындары жеңіспен басталды.
Енді ерлер құрамасы 14 қаңтарда Оңтүстік Корея командасымен кездеседі.
Ал Қазақстан қыздар құрамасы @sportqazaq мәлім етуінше бірінші ойында Жапонияға (0-10) есе жіберді.
Қыздар құрамасының келесі қарсыласы Чехия. Ойын 14 қаңтар күні.
Хоккей ойындары қаңтардың 11-22 күндері Турин маңындағы екі аренада өтеді.