Табиғат 13 Қаңтар, 2025

Үстіртте сирек кездесетін барыс мекендейді

55 рет
көрсетілді

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Орталық Азия барысы фототұзаққа ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

National Geographic гранттары мен Segré қорының қолдауымен, сондай-ақ Conservation X Labs, BRCC және АСБК ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылатын халықаралық жоба шеңберінде орнатылған фототұзақтар тексерілген.

Үстірт қорығының қызметкерлері өткен жылғы 29 қазан - 21 желтоқсан аралығында бұл «жабайы мысықтар» фототұзақтарға 4 рет түскен. Жойылып бара жатқан осы ерекше түрдің табиғи ортасы ретінде аталған парк маңызды рөл атқаратыны осылайша тағы айғақталған.

«Орталық Азия барысының қайта оралуы – Үстірт экожүйесінің қалпына келуінің символы, бірлескен күш-жігердің нәтижесі», дейді қорық қызметкерлері. 

Соңғы жаңалықтар