Семсерлесуден Тунисте өтіп жатқан Гран-при сериясының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл турнирде жүлдегерлер қатарына ене алмады, деп хабарлайды Egemen.kz
Ерлер арасында ең жақсы нәтижені Жанат Набиев көрсетті, ол 51-орынға тұрақтады. Артем Саркисян 59-орын, Назарбай Саттархан 97-орын, Бақдәулет Құралбекұлы 101-орын, ал Қуаныш Ерғашбай 102-орынды місе тұтты.
Әйелдер жарысында Анастасия Гулик 62-орынға ие болды. Татьяна Приходько 71-орын, Карина Доспай 97-орын, Жасмин Қапыджы 99-орын, Полина Ко 106-орын, ал София Спичева 129-орынға тұрақтады.