• RUB:
    5.16
  • USD:
    530.24
  • EUR:
    543.97
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Қазақстан азаматы Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін жауапқа тартылды

19 рет
көрсетілді

Қазақстандық азамат Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды  Egemen.kz Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, ол 2022 жылдың күзінде ұрыс қимылдарына қатысуға шешім қабылдаған. Ер адам Жезқазғаннан Петропавлға кетіп, одан кейін таксимен Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өткен.

Кейін сотталушы жеке әскери ротаның өкілімен байланысып, оқу-жаттығу жиынына барып, олардың қатарына қосылу туралы келісімге келген. Олар оған қақтығысқа қатысқаны үшін 240 000 рубль (1,2 миллион теңге) төлеуге, ал қайтыс болған жағдайда досына 5 миллион рубль (25 миллион теңге) аударылатынына уәде береді.

Ер адам 2022 жылдың 6 желтоқсанынан 2023 жылдың 6 шілдесіне дейін жауынгерлік артиллериялық бөлімшеде болған және «шет мемлекеттің әскери күштеріне қарсы жауынгерлік тапсырмаларды орындаған». 2023 жылы 28 шілдеде Қазақстанға оралды. Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындады.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 172-бабы «Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу» бойынша кінәлі деп тауып, төрт жарым жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.