• RUB:
    5.16
  • USD:
    530.24
  • EUR:
    543.97
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:32

Ұшақ жолаушысы FlyArystan қызметкерін соққыға жыққан

22 рет
көрсетілді

Алматы халықаралық әуежайында Алматы-Астана бағытындағы FS 7057 рейсінің жолаушысы FlyArystan қызметкеріне тіл тигізіп, жұдырық ала жүгірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әуе компаниясының хабарлауынша, оқиға 14 қаңтарда болған. Жолаушы тіркеу орнына ұшып шығуға 30 минут қалғанда келіп, рейске тіркелгенін растағаннан кейін тексеру аймағына өткен. Алайда отырғызу 30 минут бұрын жүргізілетіндіктен, ол рейске үлгермей қалған.

Кейін әйел тіркеу аймағына оралып, оны тексеру аймағына бағыттаған офицерге агрессивті әрекет көрсете бастаған. Оқиға барысында ол қызметкердің телефонын лақтырып жіберіп, беті мен ішіне соққы жасап, сөзбен қорқытуын жалғастырған. Бұл әрекетті бейнебақылау камералары мен куәгерлер түсіріп алған.

«FlyArystan әуе тасымалдаушысы өз қызметкерлеріне және басқа жолаушыларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне, соның ішінде физикалық шабуылдарға, қорқытулар мен балағат сөздерге нөлдік төзімділік саясатын қатаң ұстанатынын еске салады. Деструктивті мінез-құлық көрсеткен жолаушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Әуе компаниясы өз қауіпсіздік саясаты аясында тиісті шараларды қолдану құқығын, соның ішінде жолаушыны қара тізімге енгізу мүмкіндігін сақтап қалады. Біз әр жолаушының өзінің мінез-құлқы мен басқаларға құрмет көрсету нормаларын сақтауға толық жауапты екенін ерекше атап өтеміз. Рейске уақытында келу – бұл жолаушының жеке жауапкершілігі екенін есте ұстау маңызды», делінген хабарламада.