«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ қолайсыз ауа райына байланысты Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбе облысында сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесінде (БҚО шекарасы-Маржанбұлақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылып отыр.
Батыс Қазақстан облысындағы Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 393-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Компания жол учаскелерін 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланып отырғанын жазған.