• RUB:
    6.3
  • USD:
    518.21
  • EUR:
    590.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қаңтар, 2025

Көкшетауда екі студенттен вейп өнімдері тәркіленді

57 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласында есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері жергілікті колледждің екі студентін ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Студенттердің бірі 10 дана электронды темекіні үйінде сақтаған, ал екіншісінің үйінен 970 дана өнім табылған.

Polisia.kz ақпаратынша ұсталған 20 жастағы жігіт тәркіленген электронды темекілерді саудалау арқылы шамамен 15 миллион теңге пайда табуды көздегенін мойындаған.

Екі факті бойынша ҚР ҚК 301-1-бабы (Шегілмейтін темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен олар үшін сұйықтықтардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық істер қозғалды.