Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «тауарлық несие» құралын енгізуді қарастыруды тапсырған болатын. Бұл механизм аграрлық салаға қолдау көрсетуге бағытталған. Игі бастаманың мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында бірқатар шаруа қожалықтары тауарлық несие беру ісін қолға алған. Атап айтқанда, «Шатан», «Үлкен», «Болат», «Жалғас», «Арлан», «Таймас» шаруа қожалықтары Белағаш, Керней, Қарақұдық, Тұзды, Ақжар ауылдарында орналасқан 13 қосалқы шаруашылыққа 42 бас ірі қара мал түрінде тауарлық несие ұсынған.
Бұл жоба ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға, жергілікті шаруашылықтардың дамуына, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.