«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті», делінген хабарламада.
Айта кетейік, сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан күшіне еніп, 2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталды.
Әуежай акциялары иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен «Terminals Astana Airport Management» ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.