Спорт 21 Қаңтар, 2025

Софьяның қоласы

63 рет
көрсетілді

ХХХІІ дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында Софья Само­делкинаға қола жүлде бұйырды.

«Көк туымызды көтеріп келген жанкүйер­лердің қолдауын ерекше сезіндім. Әр елдің үздіктері өнер көрсеткен айтулы додада жүлде алғаныма қуаныштымын», деді С.Самоделкина.

Ерлер арасындағы сында Михаил Шайдаровқа зор сенім артылған еді. Қысқа бағдарламадағы өнерін қазылар алқасы 4-орынға лайық деп бағалады. «Айдын үстіндегі өнер көрсетуде сүрініп кеттім. Осы бір қателік кесірінен жүлдеге сынық сүйем жетпей қалдым. Маған қысқы Универсиада додасы кіші әлем чемпионаты секілді. Мұнда да бәсекелестік жоғары», деді спортшы. Ерлер додасында Никита Кривошеев те медаль олжалай алмады.