Аймақтар 23 Қаңтар, 2025

Қостанай қаласында 8,5 мың вейп тәркіленді

125 рет
көрсетілді

Жертөлелердің бірінде вейптерді заңсыз сатумен айналысқан интернет-дүкеннің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеру барысында анықталғандай, екі жергілікті тұрғын Telegram мессенджері арқылы вейптерді тарату арнасын ұйымдастырған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Polisia.kz 8,5 мың электронды темекі бұйымдары салынған 73 картон қорап, 6 темекі шегетін құрылғы, 4 ноутбук, 10 вейп аккумуляторы, 7 ұялы телефон, 2 жүйелік блок тәркіленгенін жазды.