Павлодарлық әйел полицияға бұрын бірге тұрған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ажырасқаннан кейін ер адам оның соңынан қалмай, аңдуды жалғастырған, оған қауіп төндіретін хабарламалар жіберген, үнемі балағат сөздер айтып, зорлық-зомбылықпен қорқытқан.
Тәртіп сақшылары шетелдіктің Қазақстан аумағында болу мерзімінен асқанын анықтады. Нәтижесінде ол ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса елден шығарылады.